Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордың қаражаты қалай жұмсалады?

Ұлттық қордың қаражаты қалай жұмсалады?

Ұлттық қордың қаражаты девальвацияның әсерінен 3 млрд долларға қысқарған дейді сарапшылар. Ел экономикасын қиын жағдайдан алып шығу үшін құрылған қордың активтерін нендей мақсаттарға пайдаланып жатырмыз? Қаржы сарапшылары Аслан Құрманбеков пен Мұрат Темірханов аталмыш қордың қаражаты қайда және қалай жұмсалып жатқандығы туралы толығырақ баяндап берді. Мамандар Ұлттық қор жайлы алдағы екі жылға қандай болжам жасағанын оқи отырыңыз.

Ұлттық қордағы доллар эквивалентінің түсімі өзінің шарықтау шегінен 5 есеге, ал 2016 жылы көрсеткішке қарағанда екі есеге төмендеген. Бұл мұнай бағасының динамикасымен бірдей. Мемлекеттік бюджеттің кірісі 2016 жылы 30 пайызға жоғарыласа, салық түсімі, керісінше, 30 пайызға төмендеген.

2016 жылы Ұлттық қордағы жинақ неге жұмсалды?

Өткен жылы мұнайдың орташа бағамы төртінші жыл қатарынан төмендеді. Брент мұнайының орташа бағасы барреліне 2015 жылы 52$ болса, 2016 жылы 44$ құрады. Ал теңгенің орташа курсы АҚШ долларына шаққанда былтыр 342,2 болса, 2015 жылы 221,7 теңге болған. Жаңа жобалардың болмауынан 2010 жылдан бастап мұнай өндірісі тоқырап,  2016 жылы 1,8 пайызға төмендеді. Мұның барлығы Ұлттық қордың түсіміне айтарлықтай әсер етіп отыр.

Ұлттық қордың түсімі салық пен мұнай секторының төлемдерінен құралады.

2016 жылы Ұлттық қор портфеліне тиесілі Ұлттық холдингтердің облигациялары 351 млрд теңгеге дейін қысқарды (2015 жылы 1,1 трлн теңге). Бұл процес нарықтық емес шығарылымдар бойынша жүзеге асқан. Яғни, аталмыш облигациялар купонының жылдық пайыздық мөлшерлемесі 0,1%, ал дисконт 60 пайызды құрады.

97 млрд теңге көлеміндегі Самұрық-Қазына облигациялары «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Ал Бәйтерек ұлттық холдингі шығарған 255 млрд теңгелік облигациялар тұрғын үй құрылысына жұмсалса, 224,5 млрд теңге Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі арқылы кредитке берілген, ал экспортты қаржыландыруға 15 млрд және ЭКСПО-2017 аумағында жылжымаймын мүлік құрылысына 15 млрд теңгенің облигациялары пайдаланылған.

Өткен жылы ұлттық қордың түсімімен қатар  оның қаражатын қолдану да бәсеңдеген. Нақты айтар болсақ, трансферт (мақсатты және кепілді) 400 млрд теңгеге жоғарылағанымен, девальвацияның әсерінен доллар эквивалентіндегі оның көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3 млрд долларға азайған.

Жалпы бұл жағдай 2016 жылы мұнай бағасының төмен болуына қарамастан, бір жылда теріс сальдоның азаюына себеп болды. Яғни, Ұлттық қордың шығыны кірісінен 5,4 млрд долларға көп, бірақ бұл көрсеткіш 2015 жылы 7,6 млрд доллар болған. 2015 жылы облигацияларды сатып алу көлемі айтарлықтай өскен еді. Бұл Самұрық-Қазына арқылы ҚазМұнайГаздың 752 млрд теңгені құрайтын сыртқы кредиттік қарыздарын өтеуге  жұмсалған.

АҚШ долларымен көрсетілген ЖІӨ-нің 184 млрд доллардан 50 млрд долларға төмендеуінен, 2016 жылы Ұлттық қор активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 53 пайызды құрады.

Ұлттық қор 2017-2018 жылдарға болжам

Көптеген маңызды ұйымдар мен сарапшлар Брент маркалы мұнайдың бағасын осы жылы 55 доллар, 2018 жылы 56.5 доллар болады деп жоспарлап отыр. Есептеу барысында осы мәліметтерге сүйеніп сараптама жасадық. Ресми болжамдарға сенсек, мұнай өндірісінің көлемі 2017 жылы 81 млн тонна, ал келер жылы 83 млн тоннаға дейін жетеді. Ал доллар 2017 ж. 330 теңге, 2018 ж. 336 теңге болады.

Ұлттық банктің портфеліне ұлттық холдинг облигацияларын алу туралы жоспар әлі жарық көрмегендіктен, бұл қаражат мемлекеттік даму бағдарламалары мен банк секторын сауықтыруға жұмсалады деп ойлаймыз.

2016 жылмен салыстырсақ, биыл салық түсімі айтарлықтай көбейеді, ал Ұлттық қордың активтерінің төмендеуі әсерінен  инвестициялық табыс, керісінше, азаймақ.

Алдағы 2 жылда мұнай бағасының аздап қымбаттауы Ұлттық қорға 5-6 млрд доллар көлемінде табыс әкеледі деп болжауға болады. Ал Қашағанның салымы бастапқыда айтарлықтай көп болмайды.

Біздің пікіріміз

Ұлттық қор активтерінің динамикасы мұнай табысына негізделген саясаттың сенімсіз екенін тағы да дәлелдей түсті. Үкімет 2014 жылы Ұлттық қордың активтері 120 млрд доллардан жоғары болады деп болжаған еді. Бірақ сол жылы-ақ ұзаққа созылған мұнай бағасының төмендеуі барлығын өзгертіп жіберді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы болжамдар активтердің құнын 2017 жылы 68,8 млрд доллар болады деп есептеген. Біздің пікірімізше, Ұлттық қордың активтері 65 млрд доллардан төмен болады, ал келер жылы бұл 60 млрд долларға дейін арзандамақ.

Ұлттық қорда жинақталған қаражатты пайдалану мемлекеттік тұтынуды жоғары деңгейде ұстап тұра алды. 2010 жылдар бұл көрсеткіш  мемлекеттік бюджеттің үштен бір бөлігін құрап, ЖІӨ-нің  5 пайызына теңескен. Мемлекет ең ірі тұтынушы бола отырып, экономикадағы айналымның бәсеңдемеуіне айтарлықтай үлес қосады. Біздің болжамымыз бойынша, мұнайға деген тәуелділіктен арылуға  бағаның минималды көрсетікшпен өсуі де ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, Ұлттық қордың қаражаты шұғыл мәселелерге жұмсалуы мүмкін. Қазіргі қиындықтар Ұлттық қордан банк жүйесін сауықтыру үшін қосымша ақшаны қажет етуі әбден мүмкін.

Дереккөз: halykfinance.kz

Похожие материалы