Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордың кірісі үштен бір бөлікке азайды

Ұлттық қордың кірісі үштен бір бөлікке азайды

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында Ұлттық қорға түсетін салық пен төлемдер 369 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда (525,6 млрд теңге) кіріс 29,7 пайызға төмендеді. Кірістің ең үлкен көлемі Атырау облысына (122,2 млрд теңге), БҚО-на (118 млрд теңге) және Маңғыстау облысына (71,7 млрд) тиесілі.

Ұлттық қорға Ақтөбе облысынан 22,8 млрд теңге, Қызылорда облысынан 14,7 млрд теңге, Астана қаласынан 11 млрд теңге, Алматыдан 1,4 млрд теңге, ШҚО-дан 1,1 млрд теңге және ОҚО-нан 1 млрд теңге жиналды.

Алматы облысында кіріс көлемі 28,5 млн теңге, Жамбыл облысында 4,9 млн теңге, СҚО-да 2,2 млн теңге, Қарағанды ​​облысында 698 мың теңге, Ақмола облысында 134 мың теңге, Павлодар облысында 121 мың теңгені құрады. Ал, Қостанай облысынан Ұлттық қорға екі ай бойы қаражат түспеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы