Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта бір апта ішінде 10%-ға әлсіреді

Ұлттық валюта бір апта ішінде 10%-ға әлсіреді

Өткен аптада АҚШ валютасы Қазақстан қор биржасында (KASE) 10,5%-ға (281,27 теңгеден 310,85 теңгеге дейін) қымбаттады. Бұл туралы LS жазады.

«Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов алдағы уақытта доллар арзандай қоймайды деген болжам айтады. «Өткен аптада валюта нарығы жаңалықтарға толы болды. Ұлттық банк төрағасының ауысуы, реттеушінің валюталық интервенция жүргізуден бас тартуы теңгенің бірден әлсіреуіне әсер етті. Доллар 310 теңгеге жетті. Құнсыздану 10%-дан кем болған жоқ», - деді ол. А. Байкеновтың айтуынша, доллар курсының 300 теңгеге жетуі - экономикадағы дағдарыс пен қаржы секторындағы тоқыраумен тікелей байланысты.
«Біздің болжамымыз бойынша, реттеуші (Ұлттық банк-ред.) $1 315-320 теңге аралығындағы курс бағамының болуын қолдайды, ары қарай мүмкін ішінара интервенция болуы мүмкін. Жақын арада теңгенің қатты құлдырауына экспорттаушылардың салық төлеу кезеңінің басталуы кедергі келтіріп, уақытша тоқтам болуы мүмкін. Алдағы екі аптада нарыққа валютаның келуін күту керек. Бірақ, курстың құлдырауы болмайды. Өйткені Ұлттық банк валютаны негізгі сатып алушысы бола отырып, алтын валюта қорын қалпына келтіруге тырысады», - деді сарапшы. Фото: newstop.kz  

Похожие материалы