Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге құны құлдырап, 260 теңге болды

Теңге құны құлдырап, 260 теңге болды

Ел тарихында тұңғыш рет АҚШ долларының курсы 255,38 теңгеге жетті. Аталған курс Қазақстан қор биржасының (KASE) кешкі саудасынан соң белгіленді.

20 тамыз күні Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберген сәтте доллар курсы - 255,26 теңге болған еді. Ол ұлттық валютаның құлдырауының шегі болған еді. Кешелі бері жеке айырбастау орындарында доллар 261 теңгеден сатылып жатыр. Ал, сатып алу болса 257,5-259 теңге аралығында. Сарапшылар қыркүйектің соңына дейін 270 теңгеге жетуі мүмкін деген болжамдарын айтуда.     [caption id="attachment_20524" align="aligncenter" width="979"] Мәліметтер kurs.kz сайтынан алынды[/caption]  

Похожие материалы