Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық атом компаниясы басшылығындағы өзгеріс туралы хабарлады

Ұлттық атом компаниясы  басшылығындағы өзгеріс туралы хабарлады

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басшылық құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат таратты.

Компания таратқан ақпаратқа сүйенсек Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры Мейіржан Юсуповтың орнына Камила Сыздықова тағайындалды. Айта кетейік, ҚР Үкіметі бүгін Юсуповтың ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалғаны туралы хабарлады.

Камила Сыздықова бұған дейін экономика және жоспарлау жөніндегі атқарушы директор болған. Қазақстан мен шетелдердегі уран саласында, оның ішінде Қазатомөнеркәсіп құрамындағы компанияларда 10 жылдан астам түрлі қызмет атқарған.

Сондай-ақ компанияның Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры Бауыржан Ибраев зейнетке шығуына байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметінен кетеді.  Бұл лауазымды ЯОЦ атқарушы директоры Мәжит Шарипов атқарады. Шариповтың мемлекеттік және жеке секторда 31 жылдық еңбек өтілі бар. Қазатомөнеркәсіп саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарады.

Компанияның маркетинг жөніндегі директоры және басқарма мүшесі Риаз Ризви де 2020 жылдың соңында еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен кетіп, орнына Сату жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып келген Асқар Батырбаев келеді.

Сонымен қатар басқарма мүшесі – Стратегия және даму жөніндегі бас директор Біржан Дүйсембеков Regent’s University London білім алуына байланысты демалыс алған. Оның қызметін уақытша активтер мен инвестиция жөніндегі басқарушы директор Ерлан Тілеуғожин атқармақ.

Сондай-ақ компания Құқықтық сүйемелдеу және тәуекел жөніндегі басқарушы директоры Марат Елемесов 2021 жылдың қаңтар айанан бастап  басқарма құрамына кіреді.

Похожие материалы