Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Ұлттық Банктің болжамын сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2019 жылы 4-6% аралығындағы жаңа нысаналы дәлізге толығымен кіре бастайды. Алдыңғы жылдың болжамдық раундмен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап төмендеу жағына қарай түзетілді. Бұл 2019 жылы монополистер көрсететін қызметтер бағасының күтіліп отырған төмендеуіне байланысты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі (алдағы 7 тоқсандағы) болжамы жүзеге асырылады. Алынған болжамдар мен бағалар негізінде Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты бойынша, оның ішінде базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешімдер қабылдайды.
Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2019 жылы 2,7% (өткен болжамдық раундта 2,6%), 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта – 2,7% болады. Экономиканың негізгі өсу драйвері ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуін білдіреді. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру саласында және тұрғын үй құрылысында сақталады. Тауарлар және қызмет көрсету экспортының ұлғаюы Қашаған кен орнындағы мұнай және газ конденсатын өндірудің одан әрі өсуіне байланысты болады.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк бүкіл болжам кезеңінде базалық сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болатын сценарийді қарастырды. Пікіртерімге және ірі инвестициялық банктер мен халықаралық институттардың (Thompson Reuters, Bloomberg, Дүниежүзілік банк, ХВҚ) болжамдарына сәйкес Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы 2019 жылы бір баррель үшін 75,8 АҚШ долларын (өткен болжамдық раундта бір баррель үшін 69,5 АҚШ доллары) құрайды.
Болжам бойынша, 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта жылдық инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі жалғасады. Инфляцияның серпінін айқындайтын негізгі факторлардың арасынан ең төменгі жалақының ұлғаюы, қызметкерлердің жалақысы төмен санаттары үшін салық жүктемесінің төмендеуі және тұтынушылық кредиттеудің өсуінің сақталуы; Ресейдегі инфляция бойынша болжамдарды қайта қарауға байланысты инфляция аясының көтерілу жағына қарай нашарлауы; Ресейге қатысты санкциялық ая нашарлаған кезде Ресей рублінің ықтимал құнсыздануы; болжам жасалатын кезеңде ұсыныстың сұраныстан артуы аясында энергия ресурстары бағасының төмендеуі нәтижесінде нақты ақша кірістерінің болашақтағы нығаюын атап көрсетуге болады.