Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бас банк базалық мөлшерлемеге қатысты қандай шешім қабылдады

Бас банк базалық мөлшерлемеге қатысты қандай шешім қабылдады

Алматы. 4 қыкүйек. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды, деп мәлімдеді ҰБ төрағасы Данияр Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды.

«Жаңартылған болжамдарға сәйкес, біз инфляцияның төмендеу қарқындарының баяулау тәуекелдерін көріп отырмыз, яғни инфляция баяулайды, бірақ біз бұрын бағалағанннан гөрі баяу. Ағымдағы жылы өзінің қалпына келуін жалғастыратын ішкі сұраныс және тұтастай алғанда әлемдік экономика көрсеткіштерінің тарапынан проинфляциялық қысым күшеюде», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, инфляцияның 2019 жылы 4-6%-дық болжамды дәліздің жоғары шегіне жақын болуы және 2020 жылдың соңында 4%-дан төмен дәлізден асып кету тәуекелдері ұлғаюда.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 15 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00 жарияланатын болады.

Похожие материалы