Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Ұлттық банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 14 желтоқсаннан 21 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

21 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға әлсіреп  (371,31-ден), 371,35 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 14 желтоқсаннан 21 желтоқсан     аралығында маңызды оқиғалар АҚШ-тың ФРЖ мөлшерлемесінің 0,25%-ға (2,25-2,5%-дық деңгейге дейін) көтерілуі, Жапония мен Ұлыбританияның ОБ негізгі мөлшерлемені сақтауы, сондай-ақ инвесторлардың жаһандық экономикалық өсудің жалғасуы туралы сенімсіздігі, ФРЖ-нің монетарлық саясатының және АҚШ-тың 2019 жылға арналған уақытша бюджеті туралы уағдаластықтың жоқтығы  аясында қор нарықтары индекстерінің қатты құлдырауы болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Үндістан рупиясы Үндістанның отынды нетто-импорттаушы болуы себебінен  Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 54 долларға төмендеуі аясында  2,4%-ға (71,90-нан 70,18-ге дейін) нығайды;

Мексика песосы облигациялар ұстаушылардың басым бөлігінің Үкіметтің әуежай құрылысының күші жойылған жобасына арналған $1,8 млрд. борышты мерзімінен бұрын сатып алу ұсынысын қабылдағаннан кейін  1,5%-ға  (20,24-тен 19,94-ке дейін) нығайды.  Бұл Үкіметке $6 млрд. бағаланған шығарылымның толық сомасын міндетті өтеуден құтылуға мүмкіндік береді.

Түрік лирасы Президент Трамптың  Сириядан американдық әскерлерді шығару туралы шешімінің аясында 0,9%-ға (5,36-дан 5,31-ге дейін) нығайды. Бұл АҚШ пен Түркия арасындағы шиеленістің әлеуетті көзін жояды;

Бразилия реалы 0,3%-ға (3,91-ден 3,90-ға дейін) біраз нығайды. Бразилияның .Орталық банкі сыртқы тәуекелдерге және ішкі реформаларды жүргізу белгісіздігіне байланысты инфляция таргеттелетін деңгейден төмен болуы мүмкін екенін мәлімдеді;

Индонезия  рупиясы орталық банктің тарапынан жалғасып отырған валюталық өктемдіктерге қарамастан, 0,2%-ға (14 581-ден 14 553-ке дейін) біраз нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді  негізгі әлемдік қор индекстерінің теріс серпіні және инвесторлардың тәуекел активтеріне қызығушылығының төмендеуі аясында 1,7%-ға (14,40-тан 14,64-ке  дейін) әлсіреді;

Ресей рублі  мұнай бағасының құлдырауы аясында 3,1%-ға (66,86-дан  68,95-ке дейін) әлсіреді.

Похожие материалы