Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк ескертеді: Онлайн-қарыз алған кезде мұқият болыңыздар

Ұлттық банк ескертеді: Онлайн-қарыз алған кезде мұқият болыңыздар

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кредитті Ұлттық Банкінің лицензиясын алған банктер мен Ұлттық банкте тіркелген микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ банктерге де, МҚҰ-ға да жатпайтын және қызметін жүзеге асыру үшін лицензия немесе өзге де рұқсат алу талап етілмейтін кредиторлар бере алады.

Ұлттық Банктің лицензиясы бар банктердің және Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен МҚҰ тізімімен Ұлттық Банктің сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысуға болады. 

Банктерге және МҚҰ-ға жатпайтын кредиторлар - өз қызметін ҚР Азаматтық кодексінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады және көпшілігі қарызды онлайн режимде береді (онлайн компаниялар). 

Көбінесе онлайн компаниялар өздерін микро қаржы ұйымдары деп атап, адамдарды жаңылыстырады. 

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қазіргі кезде Ұлттық Банк қарыздарды, оның ішінде онлайн режимінде беретін және банктер мен МҚҰ-ға жатпайтын кредиторлардың қызметін реттемейді. Қарыз алушылар онлайн компаниялардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне  шағымдармен сотқа жүгіне алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Онлайн компаниялардың қарыз алушыларын қорғау мақсатында Кодексте жеке тұлғаларға берілетін қарыздар бойынша мына негізгі шектеулер қарастырылған талаптар (Кодекстің 718-бабы
1-тармағының екінші бөлігі, 725-1-бабы) көзделген

- қарыз шартында қамтылуға тиіс қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 100%-дан аспауға тиіс;

- төлемнің мерзімін өткізгені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшері мерзімін өткізудің әр күні үшін мерзімі өткен төлемнің сомасынан 0,5% аспауы, бірақ берілген қарыз сомасынан  жылына 10%-дан аспауға тиіс;

- қарыз бойынша артық төлемнің шекті мөлшері берілген қарыздың сомасынан аспауға тиіс;

- осы шектеулер, сондай-ақ Кодекстің 725-1-бабы 1-тармағының өзге талаптары сақталмаған жағдайда, қарыз шарты маңызсыз деп танылады.

Кодекстің 725-1-бабының талаптары 2018 жылғы 16 шілдеде қолданысқа енгізілгеніне және осы шектеулер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қарыз шарттарына қолданылмайтындығына назар аударамыз.

Осылайша, қарыз шартының талаптары көрсетілген талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген кезде қарыз алушы осындай шартты   сот арқылы маңызсыз деп тануға құқылы.

Сонымен қатар бүгінгі күні жекелеген онлайн компаниялар азаматтардың қаржылық сауатсыздығын, сондай-ақ қарыз алушылардың мұқият көңіл аудармайтындығын пайдаланып, шартта қарыз алушы есебінен негізсіз  баюға мүмкіндік беретін талаптарды көздейді, мысалы:

- қарыз шартында ұсынбағаны үшін айыппұл салынатын, қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету бойынша кепілгер немесе бірнеше кепілгер  туралы деректер ұсыну қажеттілігі туралы талап көзделеді;

- әлеуетті клиенттерді табатын үшінші тұлғалардың қызметтері үшін  қарыз алушыдан комиссия алады, онлайн компаниялар үшін қарыз шартын ресімдейді.

Онлайн компаниялардың Кодекс ережелерін теріс пайдалануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта Ұлттық Банк заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігін талдауда.

Кредит алу– жауапты шешім, сондықтан кредитті қайтару қарыз алушы үшін кредитормен айтыс-тартысқа және кредиттік тарихты бүлдіріп алмас үшін:

- кредиттің қаншалықты қажет екенін бағалау;

- өз кірістері мен шығыстарын ескере отырып, өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептеу;

- кредитке жұмсалатын шығыстардың болжамды өсуін ескере отырып, өз мүмкіндіктерін талдау;

- кредит алудың борыштың негізгі сомасын (кредитордан алынған сома) шартта белгіленген мерзімде қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы, комиссиялар мен басқа да төлемдерді төлеу  міндетін пайымдайтынын түсіну;

- қарыз шартын мұқият оқу ҚАЖЕТ.

Похожие материалы