Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк коллекторлық агенттіктерге алты санкция қолданды

Ұлттық банк коллекторлық агенттіктерге алты санкция қолданды

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — Қазақстандағы коллекторлық агенттіктерге қатысты 6 санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды. Оның ішінде айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция, жазбаша ұйғарым түрінде 4 шектеулі ықпал ету шарасы жүзеге асырылды. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты орын алып отыр», — делінген хабарламада.

Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктер заңнаманың мынадай талаптарын бұзуға жол бергенін көрсетті:

  • Заңның 15-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік борышкермен коллекторлық агенттіктің (филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері бойынша үй-жайларындағы аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл жасау барысын тіркеуге және аудио және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-әрекет жасаған күннен бастап алты ай ішінде сақтауға міндетті ;
  • берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру бойынша коллекторлық агенттіктің өкілеттігін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін борышкердің талап етуі бойынша ұсынбауы, сондай-ақ борышкердің атына берешек бойынша жалған ақпаратты жіберуі бөлігінде борышкермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бұзуы.

Сондай-ақ, Ұлттық банкте коллекторлық агенттіктердің мынадай теріс пиғылды әрекеттеріне заңмен тыйым салынғанын еске салды:

  1. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не аталған адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;
  2. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ аталған адамға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;
  3. борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді БҚШ немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;
  4. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамды берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
  5. коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу есебіне ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауына;
  6. коллекторлық агенттік тарапынан берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
  7. кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге.

Похожие материалы