Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев реттеуішті Алматыдан Қазақстанның астанасына көшіруді кейінге қалдырудың қажеті жоқ екенін айтты.
«Ұлттық банктің өз кеңсесі болу керек, бірақ бұл біраз уақытты алады, сондықтан әлі қалай көшетінімізді талқылап жатырмыз»,– деп жауап берді ол.
Ерболат Досаев қаржы реттеушісінің ЭКСПО аумағындағы ғимараттарға орналаспайтынын айтты. Себебі ол АХҚО-ға берілген, ал банк жеке, бөлек аумаққа орналасуды көздеп отыр.
Сонымен қатар, ол жаңадан құрылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматыда орналасатындығын атап өтті.
«Агенттік заң жобасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарында жұмыс істей бастайды. Ал біз көшу және толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті инфрақұрылымды әзірлеуіміз керек», - деді ол агенттік жұмысы басталғаннан кейін көшу мүмкін бе деген сұраққа жауап бере отырып.