Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк "Сәлем" сақтандыру компаниясын лицензиясынан айырды

Ұлттық банк "Сәлем" сақтандыру компаниясын лицензиясынан айырды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі "Салем" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамын "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензиядан айырды.

"Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған жағдайларды белгіленген мерзімде жоймағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) сақтамағаны үшін", - делінген реттеуіштің хабарламасында.

Ұлттық банк төрағасының 2019 жылғы 21 ақпандағы №116 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды. Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жүргізеді.

Похожие материалы