Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Өзбекстанда еншілес банк құруға рұқсат берді

Ұлттық банк Өзбекстанда еншілес банк құруға рұқсат берді

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – Ұлттық банк «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ға Өзбекстанда еншілес банк құруға рұқсат берді, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ Өзбекстан Республикасының аумағында «Tenge Bank» АКБ еншілес ұйымын құруына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына «Tenge Bank» Акционерлік Коммерциялық банкі еншілес ұйымын құруға рұқсат беру туралы» 2018 жылғы 29 қазандағы № 243 қаулы қабылданды», - делінген бас банктің сайтында.

Айта кетейік, бұған дейін екі елдің қаржы реттеушілері өзбекстандық нарыққа қазақстандық банктің шығуына құқықтық негіз беруге мүмкіндік жасайтын банктік қадағалау жөнінде ынтымақтастық туралы келісім жасаған болатын.

Бұдан бұрын Халық банкі өзбекстандық нарыққа шығуға ниетті екенімен бөліскен. Қаржылық ұйымдардың қызығушылығына отандық бизнесмендер әсер етті. Себебі бұл ел экономикалық ашықтық саясатына көшуде, сондай-ақ инвесторларға қолайлы, әлі бәсеке де әлсіз.

Похожие материалы