Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - ҚР Ұлттық Банкі 2019 жылғы 2 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан «ÚKI» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"Бұл монета «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясын жалғастырады. Бұл сериядағы монеталар дизайны бейнеленетін жануардың натуралистік және трафареттік түрін «сақ жануар стиліне» аллегориялық тұрғыдан үйлестіріп көрсетуге негізделген", - делінген ҰБ хабарламасында.

  • Номиналы 5 мың теңге монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы-777,5 грамм. Таралымы – 200 дана.
  • Құны 500 теңге болатын монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм. Таралымы – 3 мың дана.
  • Құны 200 теңге болатын монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, салмағы - 15 грамм. Таралымы – 3 мың дана.
  • Құны 100 теңге болатын монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, салмағы - 11,17 грамм. Таралымы – 20 мың дана.

Похожие материалы