Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк жаңа комитет құрды

Ұлттық Банк жаңа комитет құрды

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылған.

Комитет Ұлттық Банктің Басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады. Құзырына базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді.

Алдағы уақытта Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында маманданған, мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады.

ҰБ хабарлауынша ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады.

Похожие материалы