Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Астана. 4 қаңтар. 7kun.kz – Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау мақсатында Ұлттық Банк желтоқсанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 43,2 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 1,5%-ды құрады. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты үздіксіз жариялайды», – делінген хабарламада.

Елдің бас банкінде қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болатынын атап өтті. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Похожие материалы