Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрінің бауыры «Қазатомөнеркәсіп» басшыларының бірі болды

Ұлттық экономика министрінің бауыры «Қазатомөнеркәсіп» басшыларының бірі болды

Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ядролық компаниясының құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады ұлттық компаниядан.  

Ермек Қуантыров бұл қызметке 5 шілдеде тағайындалған.
Оның міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді.

33 жастағы Қуантыров «Қазақстан темір жолы» ұлттық темір жол компаниясында, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде және Әділет министрлігінде жұмыс істеген. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

Айта кетейік, Ермек Қуантыров – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтің бауыры.

Похожие материалы