Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның фермерлері сату көлемін ұлғайту үшін өз өнімдерін интернет арқылы сата бастауы керек, - деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
«Электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ. Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді. Интернет-сауда – бұл ауылдық жерлерде сауданы дамытуға тамаша мүмкіндік», — деді ұлттық экономика министрі.
Р. Дәленов Қазақстанда тамақ өнімдерінің және ауыл шаруашылығы тауарларының электрондық сауда көлемі 15,4 млрд теңгені құрайтынын және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4%-ын алатынын айтты.