Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық компанияларға сыртқы борыштың шекті көлемі бекітілді

Ұлттық компанияларға сыртқы борыштың шекті көлемі бекітілді

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін 2020 жылға арналған сыртқы борыштың шекті көлемін бекітті.

Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі басшысының бұйрығына сәйкес, «Самұрық-Қазына» үшін сыртқы борыштың шекті көлемі 6,3 трлн теңгеге жуық немесе 16,5 млрд доллардан асады.

«Бәйтерек» холдингі үшін 2,1 трлн теңгеден немесе 5,55 миллиард доллардан асады.

«ҚазАгро» холдингі үшін 2020 жылы сыртқы қарыздың максималды көлемі 51,4 млрд теңге немесе 135,4 млн доллардан асады.

Сондай-ақ, бұйрықта есеп айырысу кезінде 1 доллар үшін 380 теңге бағамы қолданылды.

Бұл бұйрықты орындау Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелді, деп қосты ведомствода.

Похожие материалы