Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордан республикалық бюджетке қанша қаражат бағытталады

Ұлттық қордан республикалық бюджетке қанша қаражат бағытталады

Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемі 2020-2021 жылдары 2,7 трлн теңгені құрайды, 2022 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін төмендейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді.

Мұндай норма «ҚР Ұлттық қорынан 2020-2022 жылға арналған мемлекеттік трансферт туралы» заң жобасында қамтылған. Құжатта көрсетілген мерзімге ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекіту қарастырылған.

Қаржы және бюджет комитеті 2019 жылдың 6 қарашасына дейін аталған заң жобасы бойынша қорытынды дайындауға дайын.

Сонымен қатар, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасына тоқталған депутат, 2019 жыл – үш жылдық трансферттің соңғы жылы екенін айтты. Осыған байланысты келесі орта мерзімді кезеңге – 2020-2022 жылдарға арналған заң жобасы әзірленді.

«Бюджеттік алулар мен бюджеттік субвенцияларға жататын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі. Бюджеттік алулар 2020 жылы – 441,1 млрд теңгені, 2021 жылы – 462,2 млрд теңгені, 2022 жылы – 494,4 млрд теңгені құрайды. Бюджеттік субвенциялар 2020 жылы 2,1 трлн теңгені, 2021 жылы 2,2 трлн теңгені және 2022 жылы 2,3 трлн теңгені құрайды. Комитет осы Заң жобасы бойынша қорытынды дайындауға дайын», - деп түйіндеді Қарағұсова.

Похожие материалы