Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 735 млн долларға өсті

Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 735 млн долларға өсті

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылдың бірінші тоқсанында 86 миллиард доллардан асты.

Ұлттық Банктің деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 59 млрд долларға жетті, жалпы халықаралық резервтер 27,03 млрд доллар. Осылайша, халықаралық резервтер 86,03 млрд долларды құрады.

Бұл ретте ең жоғары қор 2019 жылғы қаңтарда байқалды – 88,8 млрд доллар, ал ең төменгі деңгей – наурызда 86,03 млрд доллар болды.

Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 735 миллион доллардан 58,9 миллиард долларға дейін ұлғайды, ал жалпы халықаралық резервтері 3,5 миллиард доллардан 27,03 миллиард долларға дейін қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қазақстанның халықаралық резервтері 1 наурызда 88,2 млрд доллар құрағанын хабарлаған болатын.

Похожие материалы