Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге жиналды

Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге жиналды

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz  – Ұлттық қорға қаңтар-мамыр айларында 1,4 трлн теңге салықтар мен төлемдер түсті.

2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  салыстырғанда түсімдер көлемі 14,2%-ға өсті.

Ең үлкен көлем Атырау облысы (644,7 млрд теңге), БҚО (339,4 млрд теңге) және Маңғыстау облысынан (240,1 млрд теңге) түсті.

Қызылорда облысы – 117,9 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 62,8 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 36,9 млрд теңге, ал Алматы облысы – 7,5 млрд теңге төледі.

Түркістан облысынан түскен түсімдер 4,9 млрд теңгені, ШҚО – 2,4 млрд теңгені, Алматы облысынан – 100,8 млн теңгені, Жамбыл облысынан – 5 млн теңгені, Ақмола облысынан – 1,8 млн теңгені, Қарағанды облысынан - 1,7 млн теңгені құрады.

Өз кезегінде Павлодар облысы Ұлттық қорға төрт айда 471 мың теңге, Шымкент – 349 мың теңге, ал Қостанай облысына – 50 мың теңге аударды.

Ал, СҚО-дан түскен түсімдер жүргізілген жоқ.

Похожие материалы