Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін Дидар Смағұлов атқарады, - деп жазды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.
«Дидар Смағұлов осы қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарып, Орталықтың тек қана заңнамаға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жұмысын алға сүйреп шығады деп сенім білдіремін», - деп жазды министр.
Осыған дейін Смағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.