Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта 5 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта 5 теңгеге нығайды

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,81 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,889 теңге / $1) ұлттық валюта 5,08 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 374,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 46 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 102.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 379 теңге.

Ұлттық Банктің 6 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,63 теңгені құрайды.

Похожие материалы