Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 364,29 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (359,44 теңге / $1) ұлттық валюта 4,85 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 363,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 364,85 теңге, жабылу курсы бір долларға 364,85 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 25 млн 100 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 61.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 366 теңге, Алматыда – 366,5 теңге.