Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта бағамы аздап нығайды

Ұлттық валюта бағамы аздап нығайды

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,15 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,64 теңге / $1) ұлттық валюта 2,49 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,85 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 47 млн 100 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 101.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 381 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 4 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 381,38 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы