Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лукашенко Белоруссияның ұлттық банкіне Visa және MasterCard-қа балама табуға кеңес берді

Лукашенко Белоруссияның ұлттық банкіне Visa және MasterCard-қа балама табуға кеңес берді

Белорус президенті Александр Лукашенко Белоруссияның ұлттық банкіне  Visa және MasterCard жұмыстарымен шектеліп қана қалмай, республикада оған балама төлем жүйесін енгізуге кеңес берді.

"Ұлттық банк дәстүрлі төлем жүйелерімен шектелмеуі тиіс. Сіздер оның кім арқылы басқарылатынын білесіздер. Біз өз елімізге пайдалы және қауіпсіз есептесу нұсқаларын қолдануымыз қажет. Сондықтан әртүрлі төлем жүйелерін іздеп, қолданып көріңдер", - деді А.Лукашенко П.Каллаурды БҰБ төраға ретінде таныстыру кезінде. Сонымен бірге А.Лукашенко бұл салада алаяқтықтың көп екенін және оған қатаң бақылаудың керек екенін айтып өтті. Ел басшысы  БҰБ басшысы ретіндегі П.Каллаурдың жұмысы инфляцияны төмендетіп, алтын валюта қорларын қауіпсіз сақтауға көмектеседі деп сенім білдірді. "Ұлттық банктің бірінші және негізгі жұмыс бағыты – инфляцияны төмендету.Бұл жерде халықтың және кәсіпорындардың ұлттық валютаға деген сенімін күшейту үшін шаралар жасалуы керек", - деп мәлімдеді А.Лукашенко. Белорус көшбасшысының сөзіне сүйенсек, Ұлттық банктің негізгі жұмыстарының бірі банк секторының тұрақты жұмысын қолдау. Бұл үшін банк секторында «адал және әділетті бәсекелестік» орнауы тиіс,- деді А.Лукашенко. Бұған қоса президент банктік несиелендіру тиімділігін арттыру, мәселелі несиелерге байланысты банктік бақылауды күшейту, қаржы нарығының дамыту және төлем жүйесін жетілдіру керек  екенін де айтып өтті. Жұма күні өткен жиналыста республика Ұлттық Кеңесінің мүшелері П.Каллаурдың Ұлттық банк төрағасы болуы жөніндегі шешімді қолдаған болатын. Ертерек хабарланғандай, 2014 жылы қаңтар-қараша айларының арасында белорус рублі ресейлік рубльге  байланысты құнсызданған болатын, 16 желтоқсанда ресей рублінің құлдырауы нәтижесінде одан әрі төмендеп кетті. Бұл жағдайды реттеу үшін үкімет және БҰБ валюта нарығына қатысты антикризистік шаралар қолдана бастады. Дегенмен қолданылған шаралар жеткіліксіз болды, 8 қаңтар күні белорус рублінің долларға шаққандағы құны  7% - ға, яғни 13,76 мың бел. рубліне төмендеді. Осыдан кейін Ұлттық банк жаңа шаралар қабылдап, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылына  20%-дан  25%-ға  көтерді. Александр Лукашенко 27 желтоқсан күні Ұлттық банк төрағасы Надежда Ермакованы отставкаға жіберіп, орнына  П.Каллаурды тағайындады.  

Похожие материалы