Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті

Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті

Әлем. 10 қазан. 7kun.kz – Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин біріккен әскери топтар құруға келісті. Бұл туралы Лукашенко қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Лукашенконың айтуынша, Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммитінен кейін ол Ресей президентімен жеке кездесу өткізген.

«Одақтас мемлекеттің батыс шекараларындағы шиеленісуге байланысты Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы біріккен әскери топтар құруға уағдаластық. Мұның бәрі біздің құжаттар бойынша. Қауіп деңгейі қазіргідей деңгейге жетсе, біз одақтас мемлекеттердің әскери топтарын пайдалана бастаймыз. Бұл топтың негізі – армия, Беларусь Республикасының Қарулы күштері», - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, әскери топтарды құру басталды.

«Менің ойымша, бұл екі күннен бері жалғасуда. Осы әскери топтарды құруға тапсырма берілді», – деді ол.

Похожие материалы