Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЛУКОЙЛ Қазақстанда зауыт салады

ЛУКОЙЛ Қазақстанда зауыт салады
19 мамырда ремсейлік ЛУКОЙЛ Қазақстанда майлау материалдары өндіретін зауыт құрылысын бастамақ. Зауыттың қуаты жылына 100 мың тонна болады деп жазады «Коммерсант». ЛУКОЙЛ-дың құрамына кіретін «Лубрикантс Орталық Азия» компаниясы обьект құрылысын 2018 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Кешен Қазақстанның оңтүстігінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай мұнай құбырының жанында орналасады, қазақстандық аумақтың құрылысы 2016 жылы аяқталады. Жалпы қуаты жылына 100 мың тонна, болашақта жылына 130 мың тоннаға дейін кеңейтілуі мүмкін. Зауыт 2018 жылдың ортасында пайдалануға берілмек. Зауыт өнімдерін Қазақстаннан бөлек, көршілес Орта Азия елдері, Моңғолия, Ауғанстан және Қытай пайдаланбақ. Жаңа зауыттың сатылым көлемі жылына 200 млн доллар болмақ, ал инвестиция көлемі 100 млн долларды құрайды. Еске салайық, осыған дейін компания Қазақстанда мотор майларын өндіруден бас тартады деп хабарланған еді.

Похожие материалы