Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан өндірісі

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан өндірісі

1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыста Қазақстан халқы майдан шебінде ғана емес, сонымен қатар тыл өндірісінде де ерен ерлік көрсетті. Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай 7kun.kz соғыс жылдарындағы Қазақстанның өндіріс көрсеткіштері туралы материалды назарларыңызға ұсынады.

Әскери экономика

қару өндірісі, Ұлы отан соғысы өндірісФашисттердің "Барбаросса" жоспарына сәйкес Қазақстан аумағы "Гросстүркістан" құрамында болуы тиіс еді. Кеңес халқы ерлігінің арқасынды бұл жоспар іске аспады. Бірақ соғыстың алғашқы кезеңінде Гитлердің әскері тым күшті еді. Алғашқы бес айдың ішінде жау әскері елдің 40%-ы тұратын, шойынның 68%-ы, болат пен алюминийдің 58%-ы, көмірдің 65%-ы, темір жол жабдығының 40%-ы шығарылатын аумақты жаулап алды. Сәйкесінше "әскери экономикаға" көшу қажеттілігі туындады, яғни шығыс елдерінің Одақтың қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызы арта түсті.

Кәсіпорындар көші

Соғыстың алғашқы жылдары майдан шебі маңындағы кәсіпорындар шығысқа қарай көшіріле бастады. Республикамызға 1942 жылдың күзінде 142 кәсіпорын көшіріліп, Қазақстан қалаларында орналастырылды. Осылайша, Алматыда Луганск ауыр машина жасау зауыты орналастырылды, Семейде - Киев, Азов және Артемовск аяқ-киім фабрикалары, Шымкентте - Воронеж білдек (станок) жасау зауыты, Ақмолада - Орехов мотожөндеу зауыты, Ақтөбеде - рентген аппаратурасының зауыты және т.б. өндіріс Ұлы Отан соғысы Республикаға көшірілген кәсіпорындардың 107-сі қысқа мерзімде жұмыстарын бастап кетті. Кен орындарының барланған қорларының негізінде жаңа тау-кен шығару кәсіпорындары салына бастады. 38 күннің ішінде Жезді марганец кеніші құрылды. 1942 жылдың маусым айында Шығыс-Қоңырат молибден кеніші жұмысын бастады, бұл кеніш сол кезде жалпы елдегі өндіріліп отырған 100 тонна молибденнің 60 тоннасын қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш пен шахта, қара және түсті металлургияға арналған 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кәсіпорны және Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Қазақстандағы жұмыс күшінің көбісі арнайы көшіп келген мамандар болды. Солардың негізінде Еңбек Армиялары қалыптасты. Олардың саны республика бойынша 700 мың адамды қамтыды, соның ішінде 200 мыңы қазақтар болды.

Өндіріс өсімі

Капиталдың негізгі салымдары негізінен отын-энергетика және металлургия кешендеріне бағытталды. Нәтижесінде 1945 жылы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 37%-ға өстіҰлы отан соғысы өндіріс Қазақстанда жалпы одақ мысының 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60%-ы, металды висмуттың 39%-ы өндірілді. Жауға атылған оқ-снарядтардың үштен бірі Қазақстанда құйылған. Қарағанды кеншілері соғыс жылдары 35 млн тонна көмір шығарды, мұнай өндірісі 39%-ға, элекр энергиясының өндірісі шамамен екі есе жоғарылады. 1941-1945 жылдар аралығында тыл қызметкерлері ел мен әскерге 5829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет берді. Майдан шебіне 14,1 мың ауыр және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберілді.

Қаржылай көмек

Республикада танктер мен ұшақтар құрылысы үшін ақша жинау қозғалысы басталды. 1941 жылдың күзінде Жалпыодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинала бастады. Нәтижесінде 1942 жылы әскер Қазақстан комсомолдарынан 45 жаңа танк алды. [caption id="attachment_9823" align="alignright" width="300"]Қырғи ұшағы, Қажымұқан ұшағы "Қырғи" ұшағының макеті[/caption] 1942-1943 жылдары халық қаражатының есебінен тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, катерлер мен атаулы ұшақтар құрылды. Әйгілі қазақ палуаны Қажымұхан Мұңайтпасұлы да 100 мың сомға ұшақ сатып алып, оған "Қырғи" деген ат беріп, майдан шебіне жібергені белгілі. Жалпы соғыс жылдарында Қазақстан халқы соғыс техникасының құрылысына 480,3 млн рубль жинап берген. Фотосуреттер grupstar.narod.ru және massaget.kz сайттарынан алынды. Дайындаған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы