
"Қазақстан темір жолы" ұлттық темір-жол компаниясы Ляньюньгань-Алматы тұрақты контейнерлік поездін жөнелту рәсіміне қатысты деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Көліктік-логистикалық терминал жұмысы Азиялық-тынық мұхиттық өңір мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қысқа жолды қамтамассыз етіп, аймақтағы сауда қатынастарын дамытуға себептесіп, Қазақстанның темір-жол көлігіне деген экспорттық-импорттық және транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған және осы елдерден Қазақстан арқылы Орталық Азияға, Парсы шығанағы елдеріне, Ресейге, Кавказ өңірі мен Еуропаға бағдарланған транзиттің дамуына мүмкіндік туғызады", - деп айтылады хабарламада.
Ляньюньгань қаласындағы қазақстандық-қытайлық бірлескен көліктік-логистикалық терминал Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылдың мамарында құрылған.