Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — Еуропарламент Ұлыбританиямен ЕО-тан шығу шарттары туралы келісімді мақұлдады.
Дауыс беру нәтижесінде, 631 депутат "келісетіндігін" көрсетті, 49-ы қарсы болса, 13 адам қалыс қалды. Осылайша, Ұлыбритания ресми түрде Еуроодақтан шықты.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында Біріккен Корольдіктің тұрғындары елдің Еуропалық одақтан шығуына дауыс берген болатын. Осы ретте британдық фунт 30 жылдық ең төменгі деңгейге жетті, инвесторларға алтынға ақша салуға кеңес берілді.
Бастапқыда Brexit 2019 жылдың 29 наурызында өткізілуі керек еді. Кейінірек бұл күн британдық депутаттар мәміленің шарттары туралы келісе алмауына байланысты бірнеше рет ауыстырылды. Премьер-министр Борис Джонсон сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, бәрі өзгерді. Ол басқарған консервативті партия желтоқсандағы мерзімінен бұрын сайлауда оппозиция алдында айтарлықтай артықшылыққа ие болды.
Парламент Brexit туралы заң жобасын 22 қаңтарда мақұлдады. Тиісті құжатқа патшайым Елизавета II қол қойды. 31 қаңтарда Ұлыбритания Еуроодақтан кетеді деп күтіліп отыр, алайда 2020 жылдың соңына дейін өтпелі кезең болады. Осы уақыт ішінде тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды реттейтін барлық бұрынғы нормалар күшінде қалады.