Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүгедек кәсіпкерлер көрме-жәрмеңке өткізеді

Мүгедек кәсіпкерлер көрме-жәрмеңке өткізеді

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - 13 мамыр күні «Даму» қорының қолдауын алған мүгедек кәсіпкерлер көрме-жәрмеңке өткізеді. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Онда төсек жабдықтары, ұлттық киімдер, балалар үйі мен әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне арналған біркелкі киім, зергерлік бұйымдар, балалар киімі секілді өз қолдарымен жасалған бұйымдар қойылады.

Шараны «Даму» қоры ұйымдастырып отыр.

Сондай-ақ, «Shinhan Bank Kazakhstan» «Даму-Көмек» жобасы аясында 18 мүгедек кәсіпкерге құны $17,4 мың доллардың 18 тігін машинасын тапсырады. Жәрмеңкеде «Shinhan Bank Kazakhstan» 18 кәсіпкерге есеп шот ашып, істерін бастап кету үшін 100 мың теңгеден салып берген сертификаттарды да табыстайды.

Осы арқылы банк көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларды күндіз бағатын орталықтарға тапсырыс тауып береді. Тапсырыс төсек жабдықтары, ұлттық киімдер, балалар үйі мен әлеуметтік мекеме қызметкерлері үшін арнайы біркелкі киімдер тіктіруге қабылданады.

Шараға «Шинхан банк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Ким Хен Хван, Корей Республикасы елшілігінің консулы Чжон Сынг Мин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры – басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков, «Огому» корей барабанының Намсон студиясы қатысады.

Похожие материалы