Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхтар Ерман Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

Мұхтар Ерман Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жаңа төраға сайланды.

«Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орны бос. Осыған байланысты заңнамаға сәйкес, бос орынға депутат Мұхтар Тілдәбекұлы Ерманның кандидатурасын ұсынамын. Мұхтар Тілдәбекұлын барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Осы комитеттің мүшесі. Шет тілдерін жақсы меңгерген білімді әрі тәжірибелі депутат. Көптеген маңызды заңдардың қабылдануына зор үлес қосқан», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған комитетке Мәулен Әшімбаев төрағалық еткен болатын. Жақында ол «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметіне бекітілгеннен кейін, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымының орны бос болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы