Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүлік пен қаржыны заңдастыру науқаны аяқталуға жақын

Мүлік пен қаржыны заңдастыру науқаны аяқталуға жақын
Едіміздегі мүлік пен қаржыны заңдастыру науқаны 31 желтоқсан күні аяқталады. Ал мемлекеттік кірістер органына декларацияны өткізу 23 желтоқсанда бітеді. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сұхбат берген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Нұрлан Намысов айтты. Науқан басталғалы Қазақстанда 5 триллион теңгеден астам қаржының мүлігі пен ақшасы жария етілген. 11 мыңға жуық қазақстандық екінші деңгейлі банктерден тиісті есепшот ашқан. Науқанға белсене қатысушылардың көшін Астана мен Алматы қаласының тұрғындары бастап тұр. Шетелдегі заңдастырылған мүліктердің басым бөлігі Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейде орналасқан. Олардың жалпы саны 400-ге жуықтайды. Айта кеткен жөн, банкте шот ашпай, қаржысын жария еткен қазақстандықтар ел қазынасына 11 миллиард теңге түсірген. Дереккөзі: 24.kz

Похожие материалы