Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүлікті заңдастыру бойынша 57 мыңнан аса өтініштер қабылданды

Мүлікті заңдастыру бойынша 57 мыңнан аса өтініштер қабылданды

Қазақстан аумағындағы жергілікті орган комиссиялары мүлікті заңдасыру бойынша  құны 564,8 млрд теңге болатын 57 849 өтінішті қарап жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, Қазақстан аумағында 420,3 млрд теңге көлеміндегі 48 304 тұрғын үй нысаны заңдастырылды; ал тұрғын үй емес нысандардың саны 24 824 (139,0 млрд теңге), 5933 коммерциялық нысандар (100,3 млрд теңге); заңды тұлғалдың үлесі - 20 (1,4 млрд теңге); құнды қағаздар 4,1 млрд теңгені құрады. Қазақстан аумағынан тыс жеке мүлікті заңдасытру үшін мемлекеттік кіріс органдарына 658,1 млн теңге көлеміндегі 26 өтініш түсті: 650,7 млн теңге көлеміндегі 21 тұрғын үй нысанын заңдастыру; тұрғын үй емес нысандардың саны - 2 (3,7 млн теңге), 1,5 млн теңге көлеміндегі бір коммерциялық нысан; заңды тұлғалар үлесі - 3 (3,7 млн теңге). Барлығы 658,1 млн теңге көлемінде 25 нысан мен құнды қағаздар заңдасырылды. ҚР Ұлттық банкінің есебі бойынша, екінші деңгейлі банктерде қаржыларын заңдастыру үшін 80,5 млрд теңге көлеміндегі 174 жинақ есебі ашылды. Олардың 30,0 млрд теңгесі қаржыны заңдастыру үшін жинақ есебінен алынып тасалды. Бюджетке 3,0 млрд теңге төленеді. Қазақстан Экономикасы бойынша 41,7 млрд теңге инвестицияланды.

Похожие материалы