Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай арзандады

Мұнай арзандады

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz - Сауд Арабиясы ОПЕК-ке  мүше емес мұнай өндіруші елдермен кездесуден бас тартқаннан кейін мұнай бағасы арзандай бастады. Бұл туралы LS хабарлайды.

28 қараша күні Brent маркасының баррелі 46,28 долларды құрады. Жұма күнгі саудамен салыстырғанда мұнай 1%-ға арзандаған.

Morgan Stanley мәліметінше, мұнай бағасының арзандауы 28 қарашадағы мұнай өндіруші елдер кездесуінің болмауымен байланысты болып отыр. Сарапшылардың болжауынша, бұл картельдегі елдердің түрлі көзқарасымен байланысты, алайда мұнай өндірісінің көлемін қысқарту туралы келісім жүзеге асуы мүмкін.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының кездесуден бас таруына байланысты ОПЕК келіссөзі кейінге шегерілді. Bloomberg ақпаратына сәйкес, мемлекет картельдің өз ішінде келісім болмай жатып, басқа елдермен кездесу өткізуі орынсыз деп есептейді.

Алайда жексенбі күні Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалех кездесудің кері шегерілгеніне қарамастан ОПЕК-ке мүше емес мұнай өндіруші елдерді қара алтын өндірісінің көлемін төмен деңгейде сақтап отыруға шақырды.

Похожие материалы