Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай арзандап бара жатыр

Мұнай арзандап бара жатыр

Иран және батыс дипломаттарының келіссөздерінің аясында эталонды маркалы мұнай бағамдары дүйсенбі күні қатарынан екінші сессия төмендеп келеді, себебі келісімнің жасалуы Ираннан әкелінетін отын экспортын арттырады, бұл дүниежүзілік нарықтардағы аса мол ұсынысты одан әрі арттыра түседі деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының мамырлық фьючерстері 12:05 АСТ $0,28-ға (0,51%), барреліне $56,12 дейін арзандады. Жұма күні олардың құны $2,78-ға (4,70%) артып, барреліне $56,41 болған-тын.

Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында WTI маркасының мамыр айына арналған фьючерстерінің бағамдары дұйсенбі күні $0,76-ға (1,56%), барреліне $48,11 дейін төмендеді. Алдындағы сауда сессиясының қорытындысы бойынша олардың бағасы $2,57-ға (4,98%) түсіп, барреліне $48,87 деңгейінде жабылды.

"Иран бойынша келісімнің жақындауы нарыққа қысым келтіруде. Егер тараптар келіссөздерді келесі кезеңге сәтті өткізсе, бұл ирандық мұнай ағындарының нарыққа қайта келу ықтималдығын арттырады, алайда бұл жақын арада болмайды", - деп мәлімдеді CMC Markets бас аналитигі Рик Спунер.

Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер шешуші кезеңге жетті: келісімге қол жеткізудегі соңғы тосқауылдарды жою үшін әлемдік алты державаның және Иранның сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Швейцарияның Лозанна қаласында кездесу өткізеді.

Похожие материалы