
Халықаралық мұнай бағасы нығайып жатыр. Brent маркасының бағасы әлемдік қор нарығындағы өсімге байланысты 48 долларға көтерілді.
Астаналық 11:30 уақыты бойынша, Brent маркасының қазандық фьючерстерінің құны 0,99%-ға өсіп, 48,03 долларға жетті. Ал WTI жеңіл мұнайының қазандық фьючерстері барреліне 42,99 долларға дейін көтерілді.
Жалпы алғанда мұнай бағасы 10 пайызға өсті. Мамандардың сөзінше, бүған АҚШ-тағы макроэкономикалық көрсеткіштердің позитив деңгейге өзгергендігі себеп болып отыр. Бүгін азиялық биржаларда да тұрақтылық байқалды. Осы арқылы соңғы 11 аптада алғаш ре мұнай бағасының көтерілгендігі тіркелмек.
Сондай-ақ, кеше АҚШ-тың ЖІӨ екінші тоқсанда 3,7 пайызды құрап, сарапшылардың күткенінен де асып түсті.