Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 50 доллар: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

Мұнай бағасы 50 доллар: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

Ұлттық банк 2017-2018 жылға арналған болжамын хабарлады. Енді орталық банк жасалған долбарлар негізінде ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеме деңгейіне қатысты шешімдер қабылдайды.

Мұнай нарығындағы ахуалдың тұрақтануына, сондай-ақ халықаралық институттардың мұнай бағасы бойынша айтарлықтай оптимистік консенсус-болжамдарына байланысты негізгі сценарий мұнай бағасының бір баррель үшін 50 АҚШ доллары шамасында болады деп қарастырады. 

Қазақстандағы жылдық инфляция 2017 жылы нысаналы 6-8 пайыздық (2017 жылдың соңына қарай 6,5-7,0 пайыз) дәлізде болатынын, ал 2018 жылы біртіндеп 5-7 пайыздық дәлізге кіре бастайтынын (мақала астында суреті тұр - ред.) көрсетіп отыр. Инфляциялық болжамдардың төмендеуі, ішкі ақша нарығындағы тұрақтылықтың артуы және ахуалдың болжамдылығы, сондай-ақ 2017 жылы қалыпты-ұстамды ақша-кредит саясатын жүргізу нәтижесінде инфляция баяулайтын болады.

Экономикалық өсу қарқыны 2017 жылы  2,2 пайызға дейін және  2018 жылғы тоғыз ай үшін 4,7 пайызға дейін жеделдетілді. Осы кезеңде экономикалық өсу нақты жалақының өсуі аясында ішкі тұтынудың өсуі, экономиканы қолдаудың және әртараптандырудың мемлекеттік бағдарламалары іске асыру шеңберінде негізгі капиталға инвестициялардың өсуі, минералдық ресурстарды өндіру және шығару көлемінің (Қашаған әсері) өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады. Тұтынушылық және инвестициялық тауарлар импортының өсуі ішкі сұранысты кеңейту нәтижесінде ІЖӨ өсуін тежеуші фактор болады. Шығарылымды ажырату  2017 жылғы 3-тоқсанға дейін теріс болады. 2017 жылғы 4-тоқсаннан бастап нақты ЖІӨ өзінің өсу қарқынынан аздап жоғары болады. 

Сыртқы инфляциялық ая қалыпты-қолайлы болуы ықтимал. Бұл, бірінші кезекте, Ресей Федерациясындағы инфляциялық процестердің баяулауына байланысты. Сыртқы сұраныс Еуропалық одақ экономикасының әлсіз өсуі, Ресейдің ІЖӨ-нің әлсіз оң өсу қарқыны, Қытай экономикасының төмен түсіп бара жатқан, бірақ әлі де жоғары өсу қарқыны есебінен қалыптасатын болады.

Инфляцияның негізгі тәуекелдері өндірушілер бағасының жоғарғы қарқынмен өсуіне, 2016 жылғы 4-тоқсанда экономиканың негізгі секторларында нақты жалақының елеулі өсуіне байланысты болды. Өз кезегінде, бір баррель 40 АҚШ доллары болатын сценарий іске асырылған кезде жылдық инфляция 2017 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегіне жақын келеді (2017 жылдың соңында 7,5-8,0%).

Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ доллары болған кездегі инфляция болжамы және фактісі, өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда тоқсанда %-бен бір тоқсандағы орташа алынғаны)Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

Похожие материалы