Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қайтадан төмендеді

Мұнай бағасы қайтадан төмендеді

Мұнай бағасы өсіп келеді деген хабар шыққан аз уақыттан соң қайтадан төмендеді. Осылайша апта құлдыраумен аяқталды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Brent маркалы мұнайының қазан айындағы фьючерстері ICE Futures Лондон биржасында 0,08 долларға (0,16%) -немесе барреліне 48,48 доллар төмендеді. Бейсенбі күні нарық жабылуы қарсаңында фьючерстердің құны 1,31 долларға өсіп, барреліне 48,89 доллар болған еді. WTI мұнайының қазан айындағы фьючерсі Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында 0,25-ға (0,54%) төмендеп, баррель үшін 45,92 доллар болды. Өткен сессияда 1,77 долларға (4,01%) өсіп, құны 45,92 долларды құраған.

Похожие материалы