Экономика
Мұнай бағасы барреліне 50 долларға таяды
АҚШ-тың мұнай қоры туралы ақпарат шыққанға дейін мұнай бағасы ақырын арзандап жатыр. Бұл туралы Вести басылым хабарлады.
Reuters агенттігі 12 тамызда жасаған сауалнама қорытындысына сәйкес, мұнай қоры 0,34 млн баррельге, яғни 0,06 пайызға азайған.
Инвесторлар мұнай қоры тым баяу азайып жатқанынан қауіптенеді, себебі мұнайды сақтау қуаты таусылудың аз-ақ алдында. Бұл - нарықта қара алтынның ұсынысы сұраныстан қарағанда тым көп деген сөз. "Демек, мұнай қорының шектен тыс көбейіп кететін уақыты алыс емес", - дейді мамандар.
Brent маркалы мұнайының баррелі – 49,66 долларға (10:25 по Астане), сауданың ашылуында - 49,81 долларға, жабылуында - 49,85 долларға сатылып жатыр.