АҚШ. 30 желтоқсан. 7kun.kz - Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада мұнай бағасы төмендеп отыр, бұны осы сауда кезіндегі мәліметтер растады. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың ақпандағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,57 пайызға арзандап, барреліне $53,75 құрады. Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнай ақпандағы тасымалдар бойынша 0,14% пайызға қасқарып, барреліне $56,14 болды.
Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында ОПЕК елдері мұнай шығару көлемін азайту жөнінде бір мәмлеге келген еді. Ертеңіне мұнай бағасы барреліне 55 доллар шамасына жеткен.