Дамыған елдердің "алтылығы" осы жылы санкцияларды, сонымен қатар эмбаргоны жоятындығы туралы хабарламаға байланысты мұнай бағасы тағы да төмендеді.
Сарапшылардың пікірінше Иранның мұнай нарығына оралуы онсыз да төмен бағалардың құлдырауын әкеліп соқтырады, бәсекелестік күрт жоғарылайды. Жағдайдый осылай өрбу мүмкіндігі жайлы алдында жазған едік.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының мамырлық фьючерстері 3,77%-ға, барреліне $54,95 дейін арзандады. Сауда күнінің брысында баға барреліне $54 дейін түсті, макималды баға барреліне $57,28 дейін жетті.
Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында WTI маркасының мамыр айына арналған фьючерстерінің бағамдары 1,9%-ға, барреліне $49,14 дейін төмендеді.