Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Сәрсенбідегі сауда қорытындысы бойынша, Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы қымбаттады.
Сауда қорытындысы бойынша, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,48 долларға өсіп, барреліне 78,24 долларды құрады.
4 шілдеде жыл сайын осы күні аталып өтілетін АҚШ-тың ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) сауда жүргізілмеді.