Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қымбаттап жатыр

Мұнай бағасы қымбаттап жатыр

Brent фьючерстерінің құны халықаралық ICE биржасында қымбаттап жатыр. Таңғы сауда кезінде мұнайдың баррелі 52,78 доллар көлемінде бағаланды.

ICE биржасының мәліметінше, қара алтын алдыңғы саудаға қарағанда 5,2 пайызға жоғарылаған. Қарашаға дейін жеткізу туралы келісім-шарт 53,55 долларға бағалануда. Еске салайық, өткен аптада қыркүйек келісім-шарттары 10 пайызға қымбаттаған еді. Атап өткенде, 28 тамыздағы таңғы сауда кезінде  Brent-тің қазандағы фьючерстері  9,6 пайызға көтеріліп, 47,73 долларға жеткен. Осыған дейін қазақстандық және ресейлік мамандар алдағы жарты жылда Brent фьючерстері қымбаттайды деген болжам жасады. Almagest консалтингтік компаниясының директоры Айдархан Құсайыновтың сөзінше, 2015-2016 жылдың қысында баррель 70-90 доллар көлемінде саудаланады. Ал ресейлік "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко АҚШ-тағы ақша-несие саясатының қатаңдауына және Қытайдағы қаржы нарығын тұрақтандыруға байланысты қара алтын бағасы 50-55 долларға дейін барады деген пікірде. Оның сөзінше, мұнай құны төмендеген жағдайда, ең минималды баға 20 доллар болуы мүмкін.

Похожие материалы