Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 49 долларға дейін қымбаттады

Мұнай бағасы 49 долларға дейін қымбаттады

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - Brent маркалы мұнайының бағасы қымбаттады. Бұл туралы АҚШ энергоминистрлігі хабарлады.

Дегенмен Бұл АҚШ өндірісі инвесторлары үшін пайдалы болып отыр.

ICE (АҚШ-тың биржа желісі) мәліметінше, Астана уақытымен 9:30-да мұнайдың бір баррелі 13 маусымдағы көрсеткіш бойынша  48,84 долларға сатылған.

АҚШ энергоминистрлігінің мәліметінше, 28 маусым күні Америкадағы мұнай өндірісі тәулігіне 100 мың баррельге азайса, тауар қоры өткен аптада 118 мың баррельге артқан. Қара алтын бағасы мұнай және көлік компанияларының серверлеріне жасалып жатқан хакерлік шабуылдар салдарынан қымбаттай бастады.

"ФИНАМ" инвестициялық компаниясының сарапшысы Богдан Зваричтің болжамы бойынша, энергия тасымалдаушылар үшін нарықтағы мұнай бағасының төмендігі АҚШ-та қатпарлы шикізат өнімін арттыруға мүмкіндік бермейді.

Еске салсақ, 2017 жылдың басынан мұнай бағасы 22,9% пайызға түсті. Алайда үш апта бойы бір баррель бағасы 44 долларға дейін төмендегеннен кейін, 23 маусымнан бастап баға қайта қалпына келе бастады.

Похожие материалы