Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,97 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 66,39 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,09 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 62,77 доллар болды.