Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М.Құсайынов: ҚР-да бизнеске арналған 153 рұқсат беру құжатын қысқарту ұсынылуда

М.Құсайынов: ҚР-да бизнеске арналған 153 рұқсат беру құжатын қысқарту ұсынылуда

Қазақстанда бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мақсатында 153 рұқсат беру құжатын қысқарту жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайынов.

«Заң жобасының негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, бизнеске әкімшілік қысымды азайту, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру болып отыр. 2014 жылы 481 рұқсаттан тұратын нақты тізбе бекітілген «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң қабылданды», - деді М.Құсайынов.
Ол түсіндіріп өткендей, рұқсат беру жүйесіне жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша қауіпті қызмет түрлеріне берілген 52 рұқсат және ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінде регламенттелмеген, сәйкесінше қысқартылмайтын 41 рұқсат анықталған.
«Осыны ескере отырып, заң жобасымен 34 рұқсатты алып тастау, 14 рұқсатты хабарлама тәртібіне ауыстыру, оңтайландыру мақсатында 105 рұқсат беру құжатын алып тастау ескерілген. Барлығы 153 рұқсат беру құжатын қысқарту көзделген», - деді М.Құсайынов.
Ведомство басшысының міндетін атқарушы еске салып өткендей, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Президенттің рұқсат беру құжаттарының санын 50 пайызға қысқарту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Похожие материалы