Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұрат Әбенов: Заңға қарсы басшылар қалай қызмет атқарады?

Мұрат Әбенов: Заңға қарсы басшылар қалай қызмет атқарады?

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Азаматтық авиация Комитеті басшысының орынбасары Тоты Әмірованың Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «бортсеріктер қазақ тілін білуге міндетті емес», деген сыңайдағы пікірі қоғамның сынына ұшырады.

Сынағандар арасында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов те бар. «Егер Азаматтық авиация Комитеті басшысының орынбасары Toty Amirova өзі бортсеріктердің мемлекеттік тілді еркін пайдалануы қажет емес деп санаса, онда өз қызметін қалай сапалы атқарады екен? Менің бұндай басшылармен мемлекеттік тілдің дәрежесі сақталатынына күмәнім бар», - деп жазды Мұрат Әбенов өз парақшасында.

«Тоты Амирова фейсбукте азаматтардың сұрағына борсеріктердің қазақ тілін еркін менгеруге міндетті емес деп жазыпты. Ал заңда олай емес. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 56 бабында бұл мәселе бойынша нақты айтылған: "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің кабина экипажының мүшелері жолаушыларға қызмет көрсетуде ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕРКІН МЕҢГЕРУГЕ МІНДЕТТІ". Сонда бұл басшы заңды білмей ма, әлде заңға қарсы ма?», -дейді Әбенов.

Похожие материалы